С праздником Курбан Айт! » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » С праздником Курбан Айт!
31
шілде
2020

С праздником Курбан Айт!

Бүкіл мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі " Құрбан айтымен" шын жүректен Сіздерді құттықтаймын!  Бүгін шалған құрбандықтарымызды, тілеген дұға- тілектерімізді Аллатағала қабыл етіп, ең алдымен  тілеріміз жаман індеттің беті мүлдем  қайтып, Аллатағала жеңілдігін берсін, адамзат оның ішінде біздің еліміз бұл нәубеттен біржолата құтылсын!!
Екіншіден, осы атыңа нәлет коронавирустің кесірінен өмірден озған барлық  ағайындарымыз, туыстарымыз, жақындарымыз, достарымыз жұмақтың төрінен орын алып, алдары пейіш, арттары кеніш, имандары саламат болсын! Олардың жарқын бейнелері мен есімдері біздің жүрегімізде сақталады!
 Үшіншіден,  ауруxаналар мен үйлерде емделіп жатқан  ағайындарға  ем шипа болып, тез сауығып шығуды тілеймін!
Төртіншіден,  бәріміз аман- сау болайық! Ұрпақтарымыз бақытты өмір сүрсін!
Бесіншіден,  пандемия кезінде ұлттық бірлігіміз нығая түсті. Енді, Ұлттық Ұлы Бірлікке қол жеткізейік!
Медетбекова А.Т., 
директор КГУ "Школа-лицей №28 им.М.Маметовой"